Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Белорустьте дәрігерлер мен мәдениет саласының қызметкерлері қарсылық акциясына шықты.

Белорустьте дәрігерлер мен мәдениет саласының қызметкерлері қарсылық акциясына шықты.

Белорусьте президент сайлауы қортындысына қарсылық акциялары 4 күн қатарынан жалғасып жатыр. Бұл туралы tut.by жазады.

Қарсылыққа дәрігерлер мен мәдениет саласының қызметкерлері де қосылды. Мәселен, Белорусь мемлекеттік филорманиясының қызметкерлері филармония ғимаратының алдына шығып, қарсылық көрсетіп жатыр. Сондай-ақ дәрігерлер де көше бойына тізіліп тұрып қарсылық білдірді. Акцияға шығушылар биліктің қарсылыққа шығып жатқан халыққа қарсы зорлық-зомбылықты, қудалауды тоқтатуын сұрайды.

Және де кешелі бері Белорусь мемлекеттік телерадио арналарында ұзақ жыл жұмыс істеген журналисттер де арыз жазып, қызметтерін кетіп, қарсылыққа қосылып отыр. tut.by сайтының мәліметінше әзірге 9 журналист жұмыстан кеткен.

Бөлісу