Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстан Қытайға 1,2 млрд. доллар қарыз.

/
Қазақстан Қытайға 1,2 млрд. доллар қарыз.

Қазақстан Қытайға 1,2 млрд. доллар қарыз. Бірақ бұл мемлекеттің кепілдігімен ұлттық компаниялар алған қарыз. Бұл туралы бүгін журналисттерге қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты. 

— Қытайдың алдында мемлекеттік қарыз жоқ. Тек мемлекет кепілдігімен алынған 1,2 млрд. доллар қарыз бар (шамамен 453 млрд. теңге). Бұл  Қытайдың «Қытай даму» банкінен автожолдар жобасын жүзеге асыруға алынған, — деді министр.

Министрдің сөзінше, мысалы, «Қазавтожол» ұлттық компаниясы немесе әкімшіліктер мемлекеттің кепілдігімен қарыз алады, ол үкімет алған несие емес, ұлттық компаниялар алған қарыз. Кепілді несиенің ерекшелігі осы көрінеді.