Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Соңғы мақалалар

Бекболат Тілеухан әйелдер маршын цирк деп атап, тыйым салуды сұрады.

Бекболат Тілеухан әйелдер маршын цирк деп атап, тыйым салуды сұрады.

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан 8 наурызда Алматыда өткен әйелдер маршын цирк, маразм деп атады.

«Қыздар әйелдер құқығын жақтаймыз деп айқайлады. Ал негізінде олар өз құқықтарын қорғап сөйлеген жоқ, сандырақтады. Олардың маршының басты мақсаты — қазақтың тірегін шайқалту сынды әсер қалдырады. Қазақта «қызға қырық үйден тыйым» деген сөз бар, ал олар «менің өмірім — менің құқығым  дейді. Мені дұрыс түсініңіздер, бұл дұрыс емес» деді депутат сәрсенбідегі мәжілістің отырысында.

Сондай-ақ депутат қазақтың ата-бабасы бір жынысты некеге және жыныс ауыстыруды қолдамағанын айтып, Қазақстан аумағында әйелдер маршы сынды теріс пиғылды насихатқа тыйым салуға шақрыды.

Алматыда 8 наурызда әйелдер маршы өтіп, оған қатысушылар әйелдер құқығының қорғалуын, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейтуді талап еткен еді.

Бөлісу