Logo
Іздеу
Айдарлар

Киевте қытайдың екі тыңшысы ұсталды

/
Киевте қытайдың екі тыңшысы ұсталды

Украина Қауіпсіздік қызметі «Нептун» зымыранын жасау технологияларын жинады деген күдікпен екі қытайлықты ұстағандарын мәлімдеді.

Олардың бірі — Киевтегі техникалық жоғары оқу орындарының бірінде оқыған 24 жастағы бұрынғы студент. Екінші күдікті — оның әкесі. Украина Қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, ол Қытайда тұрақты тұрғанымен, ұлының агенттік қызметін тікелей үйлестіру үшін Украинаға мезгіл-мезгіл келіп жүрген.

Reuters агенттігі Қытайдың Киевтегі елшілігіне түсініктеме беру туралы сұраныс жібергендерін, бірақ ешқандай жауап болмағанын мәлімдеді. Агенттікке пікір білдірген украин шенеунігі бұл екеуі — 2022 жылы Ресейдің толыққанды басып кіруінен кейін тұтқындалған алғашқы қытайлық тыңшылар екенін айтқан.

Reuters мәліметінше, украиналық «Нептун» зымыраны соғыстың алғашқы айларында Ресейдің Қара теңіз флотындағы флагман кемесін жою үшін қолданылған, кейін бұл зымыран ресейлік мұнай терминалдары сияқты басқа нысандарға да бағытталған.
 

Серіктес жаңалықтары