Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Айбек Сыдықов Президент іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды

Айбек Сыдықов Президент іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды
Айбек Сыдықов. Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Айбек Сыдықов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы 23 қарашада Президенттің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Жексеналыұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.

Айбек Сыдықов кім?

Айбек Сыдықов 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы тарихы музейінде экскурсия жүргізушісі болып бастаған.

2007-2015 жылдар аралығында аталған музейде ғылыми қызметкер, директордың орынбасары және директор қызметтерін атқарған.

2015-2016 жылдары Алматы қаласы музейлерінің бірлестігін басқарды.

2016-2022 жылдары "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы мемлекеттік музейінде" музей бөлімінің басшысы және директордың орынбасары болды.

Ал 2022-2025 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі директорының орынбасары қызметін атқарды.

2025 жылдың қаңтарында мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалған.