Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанада балалар ұйықтап жатқан үйді сүрмек болған

/
Астанада балалар ұйықтап жатқан үйді сүрмек болған
Фото: коллаж arasha.kz

Астанада даулы жағдай орын алды: құрылыс компаниясы ересектер үйде болмаған сәтті пайдаланып, ішінде кішкентай балалар ұйықтап жатқан үйдің шатырын сүруді бастаған. Бұл туралы зардап шеккен әйелдің өзі мәлімдеді.

Оқиға кезінде үйде екі кішкентай бала болған. Анасының айтуынша, құрылыс техникасы шатырды бұзып жатқанда, балалар сол бөлмеде ұйықтап жатқан. Абырой болғанда, балалар дін аман.

Адвокат Жанибек Башановтың айтуынша, отбасы «Best Stroy» құрылыс компаниясымен соттасып жатыр.

— «Сот процесі аяқталмай жатып, оларды үйден шығарып тастап, баспанасын бұзып жатыр. Осылайша, қайтарып алатын ештеңе қалдырмайды», — деп жазды адвокат әлеуметтік желіде.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары мен сот процесі жүріп жатыр.