Logo
Іздеу
Айдарлар

Украина Премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді

/
Украина Премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский премьер-министр лауазымына қазіргі вице-премьер Юлия Свириденконы ұсынғаны белгілі болды.

«Фронтты ұстап, Украинаны қорғап жүрген барлық қорғаушылар мен қорғаушы әйелдерге алғысымды білдіремін! Украина Президенті Владимир Зеленскийге сенімі үшін рахмет! Мемлекетіміз үшін тынымсыз еңбек еткен бүкіл командаға алғыс! Украинаға даңқ!» – деп жазды Денис Шмыгаль.

Болжам бойынша, Шмыгаль қорғаныс министрі қызметіне тағайындалады, ал қазіргі қорғаныс министрі Рустем Умеров АҚШ-тағы елші қызметіне ауысады.