Грузия астанасы Тбилисиде 24 жастағы Лаура Авторханованы ұрлауға шақ қалды. Ол бұған дейін тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қашып, бас сауғалап жүрген. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, қызды отбасындағы туыстары ұрып-соғып, еркінен айырған, табысын тартып алып отырған. Босағанға дейін ол хат қалдырып, артынан іздемеуді сұраған.
13 шілде күні Лаура өзін туыстары тауып алғанын хабарлаған. Шақыру бойынша келген баспана қызметкері оны әпкесі мен бес ер адамның ортасында көрген. Олар shelter қызметкеріне шабуыл жасап, қызды өздерімен бірге алып кеткен. Қызметкер бірден полицияға жүгінді.

Кейін Лаура байланысқа шығып, өз еркімен полицияға бара жатқанын, Ресейге оралуға қатысты арыз жазбақ екенін айтқан. Алайда полицияға жеткен соң ол Грузияда қалатынын және ешқандай құжатқа қол қоймайтынын мәлімдеді.
14 шілде күні таңертең қыз қауіпсіз жерге жеткізілді. Грузия полициясы Лаураға қатысты қорғаныс ордері бола тұра, туыстарының қалайша оның ізіне түсе алғанын анықтап жатыр.
Құқық қорғаушылар грузиялық полицейлерге алғыс айтты — олар Лаураны қуғындап жүргендерге бермей, өміріне қауіп төнбеуін қамтамасыз еткен.