Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Украинада жаңа премьер-министр тағайындалды

Украинада жаңа премьер-министр тағайындалды

Юлия Свириденко  сәрсенбі күні қызметінен босатылған Денис Шмыгальдің орнына үкіметті басқаруға келді.

Апта басында Украина президенті Владимир Зеленский бірінші вице-премьер әрі экономика министрі Юлия Свириденконы Министрлер кабинетін басқаруға ұсынған болатын.

Сәрсенбі күні Украина парламенті премьер-министр Денис Шмыгальдің отставкасын мақұлдады. Зеленский оны қорғаныс министрі қызметіне, Рустем Умеровтың орнына тағайындауды ұсынды.

Айта кетейік, Шмыгаль бұл лауазымды бес жыл төрт ай атқарып, Украина тарихындағы ең ұзақ отырған премьер-министр болды.