Logo
Іздеу
Айдарлар

Грузияға барғысы келетін қазақстандықтарға маңызды ақпарат

/
Грузияға барғысы келетін қазақстандықтарға маңызды ақпарат
Фото: коллаж arasha.kz

2025 жылдың 1 қазанынан бастап Грузия шетел азаматтары үшін елде рұқсатсыз болу мерзімін бұзғандарға қатысты жаңа, қатаңдатылған шараларды енгізеді. Бұл өзгерістер Қазақстан азаматтарына да тікелей қатысты.

Қазіргі ереже:

Қазақтандықтар Грузияда 1 жылға дейін визасыз еркін жүре алады — бұл талап өзгеріссіз қалады.

Жаңа тәртіп бойынша, егер бұл мерзімнен асып кетсе:

3 айға дейін – 1000 лари (шамамен 170 000 тг) айыппұл + 6 айға елге кіруге тыйым

1 жылға дейін – 2000 лари (шамамен 340 000 тг) айыппұл + 2 жылға кіруге тыйым

1 жылдан көп – 3000 лари (шамамен 510 000 тг) айыппұл + 3 жылға тыйым

Неге бұл маңызды?

Кейінгі жылдары көптеген қазақстандықтар Грузияда ұзақ мерзімді тұрып, визасыз режимді пайдаланып келген. Енді уақытты өткізіп алсаңыз, бұл болашақта кіруге кедергі болуы мүмкін.

Не істеу керек?

Елге кіру мен шығу мерзімін қатаң бақылау қажет

Егер ұзақ тұру қажет болса — рәсімделген рұқсат алу керек

Уақытында шығып, қажет болса қайта кірген дұрыс

Бұл жаңа ережелер Грузиядағы көші-қон тәртібін реттеуге бағытталған және барлық шетелдіктерге бірдей қолданылады.