Logo
Іздеу
Айдарлар

Стамбұлдан-Сеулге: Ұшақ Қазақстанға келгенде кері бұрылған

/
Стамбұлдан-Сеулге: Ұшақ Қазақстанға келгенде кері бұрылған
Фото: коллаж arasha.kz

Asiana Airlines әуе компаниясының Boeing-777 ұшағы Стамбұлдан Сеулге бағыт алып бара жатып, Қазақстан аумағына жеткенде күтпеген жағдайға байланысты кері қайтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Түркиялық БАҚ мәліметінше, ұшақ жолаушыларының бірі пауэрбанкін орындықтың арасына түсіріп алған. Оны бортсеріктер де, жолаушының өзі де қайта алып шыға алмаған. Әуе көлігі ережелеріне сәйкес, орындық құрылымына қысылып қалған пауэрбанк жану қаупін тудырады. Осыған байланысты экипаж қауіпсіздік мақсатында ұшақты Стамбұлға қайтару туралы шешім қабылдаған.

Айта кетейік, Стамбұлдан Ақтау қаласына дейінгі ұшу уақыты шамамен 3 сағатты құрайды.