Танымал спортшы әрі қоғам белсендісі Қуат Хамитов (лақап аты — Найман) 2045 жылы Қазақстан президенті болуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Threads парақшасында жазды.
«Қысқаша айтқанда, мен 2045 жылы президенттікке кандидат болуды ұйғардым! Мен олардан несімен кеммін? Мен кейбіреулер сияқты өз байлығымды халқымның қанымен жасаған жоқпын!» – деп жазды Хамитов.
Бұл мәлімдеме желіде қызу талқыланып, қолданушылар арасында түрлі пікірлер туындатты. Кейбірі оны қолдаса, енді біреулері оның саяси аренаға араласуын күмәнмен қабылдады.

Қуат Хамитов – кәсіби аралас жекпе-жек (ММА) спортшысы, Қазақстанда «Найман» лақап атымен танымал. Ол бірнеше халықаралық турнирлерде өнер көрсетіп, халық арасында патриоттық ұстанымдарымен, өткір мәлімдемелерімен және әлеуметтік желідегі белсенділігімен ерекшеленеді.
Соңғы жылдары ол тек спортпен ғана емес, әлеуметтік және саяси тақырыптарға қатысты батыл пікірлерімен көзге түсіп келеді. Бұған дейін де ол халықты қорғайтын, билікті ашық сынайтын жазбаларымен қоғам назарын өзіне аударған.