Logo
Іздеу
Айдарлар

Ресейге алыстан басқарылатын соққылар енді басталады – Зеленский

/
Ресейге алыстан басқарылатын соққылар енді басталады – Зеленский
Фото: ашық дереккөзден алынды

Украина президенті Владимир Зеленский 21 шілде күнгі кешкі үндеуінде Ресейге қарсы алыстан соққылар басталатынын жариялады. Мемлекет басшысы бұл мәлімдемесін Ресейдің украин қалаларына жасаған кезекті ракеталық шабуылынан кейін айтты. Үндеудің стенограммасын Украина президентінің баспасөз қызметі жариялады.

«Бүгінгі күн бойы ресейлік соққылардың салдары жойылып жатыр. Әрбір осындай шабуыл екі нәрсені еске салады:

Біріншіден – әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ПВО): бізге көбірек жүйелер керек, бүкіл елді қамтитындай қорғаныс қажет.

Екіншіден – Ресейге жасалатын алыс қашықтықтағы соққылар: егер Путин Shahed және террор тақырыбына құмар болса, олар логистикадан айырылуы тиіс», – деді Зеленский.

Зеленский қорғаныс күштерін дрондармен, соның ішінде дальнобойлы (deep strike) аппараттармен қамтамасыз ету мәселесін әскери басшылықпен талқылағанын хабарлады. Бұл – Ресейдің тыл инфрақұрылымдарына бағытталған соққылардың күшеюі мүмкін дегенді білдіреді.

Президент Украина серіктестеріне Ресейге қарсы санкцияларды күшейткені үшін алғыс айтты. Оның айтуынша, екіншілік санкциялар – соғысты қаржыландыру арналарын жабуда маңызды рөл атқарады.

«Ресейлік пафосқа алданбау керек – олар санкцияның әсерін шын мәнінде сезініп отыр. Соғысты олар бастады – енді тоқтатуы тиіс. Бұл соғыс тек Ресейге керек, басқаларға емес. Бейбітшілік міндетті түрде орнайды», – деді Зеленский.

Сондай-ақ, ол Украина мен одақтастарының жаңа санкциялық пакеттерін, сонымен қатар барлық шектеулерді үйлестіру жұмысын жариялады.

«Ресей санкциялық саңылаудың әрбірін пайдаланып, соғысты қаржыландырып отыр. Сондықтан барлық санкцияларды максималды түрде синхрондау қажет. [...] Біз ресейлік экономикадағы құлдырау мен бюджет тапшылығы арқылы санкциялардың шын мәнінде әсер ететінін көріп отырмыз. Енді бұл қысымды арта түсуі керек, Ресейдің экономикалық әлеуетін құрғату үшін», – деп түйіндеді Украина президенті.