Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL әуе компаниясының EMBRAER 190 жолаушылар ұшағына соққы жасау туралы шешімді алдын ала мәліметтер бойынша, РФ-нің Оңтүстік әскери округінің Әуе-ғарыш күштері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің 4-ші гвардиялық армиясының 51-ші әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясының командирі, генерал-майор Александр Васильевич Толопило жеке өзі қабылдағаны белгілі болды. Бұл туралы 1news.az агенттігі жазды.
Алдын ала ішкі тергеу барысында 51-ші дивизияның басқару пунктінің кезекші офицері, подполковник Николай Николаевич Орлянский (1976 ж.т.) мәлімдеді. Дәл осы офицер генерал Толопилоның бұйрығын алған және капитан Д.С. Паладичукке белгісіз әуе нысанасын жою үшін оқ ату туралы пәрмен берген. Кейін бұл нысан AZAL компаниясының жолаушылар ұшағы екені анықталды.
Minval редакциясына келіп түскен аноним хатта 2024 жылдың желтоқсан айында капитан Паладичуктың әскери есептік тобы генерал Толопилоның жедел бағынысында болғаны жазылған.
Аталған хатта генерал-майор Толопилоның бұл оқиғаға тікелей қатысы бола тұра қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кеткені де айтылған. Ол кінәні Ресейдің бірыңғай әуе қозғалысын ұйымдастыру жүйесінің Ростов орталығының қызметкерлеріне артып, жалған куәлік берген. Генерал ракета-зениттік кешенінің №274 әскери машинасынан атылған «Панцирь-С» зымырандары өздігінен жойылып, ұшаққа зақым келтіре алмайтынын мәлімдеген. Бұл мәлімдемелерді РФ Тергеу комитетінің 505-ші әскери-тергеу бөлімі жүргізген ішкі тексеру жоққа шығарды.
Minval Politika басылымының хабарлауынша, ЗРПК (зениттік-ракеталық зымыран кешені) техникалық және ұйымдастырушылық жағынан лайықты жағдайда болмаған, бұл жолаушылар ұшағын уақтылы анықтауға мүмкіндік бермеген. Соған қарамастан, генерал Толопило тек жазадан құтылып қана қоймай, жоғары қызметке тағайындалған – ол Шығыс әскери округінің Әуе-ғарыш күштері мен ӘШҚҚ-ның 11-ші гвардиялық армиясы қолбасшысының орынбасары болып тағайындалды.
Minval Politika генерал Толопилоның суретін (ол кезде ол әлі полковник болған) жариялады. Генерал-майор атағы оған 2022 жылғы 17 ақпанда Ресей президенті Владимир Путиннің №64 Жарлығымен берілген.
Сонымен қатар, 2024 жылғы 16 желтоқсанда капитан Паладичук 14-ші Әуе-ғарыш күштері мен ӘШҚҚ армиясының мобильді резервінің 80-ші зениттік-зымырандық полкының командиріне жолдаған рапортында өзінің және өзінің есебіндегі жауынгерлік топтың 51-ші дивизияның командиріне – сол кездегі генерал-майор Толопило А.В.-ға жедел бағыныста болғанын нақты жазған.