АҚШ-тың SpaceX компаниясы инвесторларға жолдаған соңғы құжаттарында оның негізін қалаушы әрі бас директоры Илон Масктың АҚШ-тағы саяси қызметке қайта оралуы мүмкін екенін хабарлады. Бұл туралы Bloomberg агенттігі 22 шілде күні жариялады. Журналистердің қолына түскен құжаттар мен инсайдерлік ақпаратқа сілтеме жасалған.
Компания акцияларын сатып алу бойынша ұсыныс хатта Масктың атына қатысты ерекше тармақ қосылған. Онда SpaceX басшысы бұрын АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың әкімшілігінде жұмыс істегені, және болашақта осындай қызметтерді қайта атқаруы мүмкін екені көрсетілген. Мұндай іс-әрекеттер оның уақыты мен күш-жігерінің едәуір бөлігін талап етуі ықтимал.
Бұл – SpaceX құжаттарында Масктың саяси белсенділігі "тәуекел факторы" ретінде алғаш рет аталған жағдай. Сарапшылар мен агенттік журналистері бұл ескерту Масктың саясаттан толық кеткен жоқ екенін меңзейді деп бағалап отыр.
Bloomberg-тің пікірінше, SpaceX-тің бұл мәлімдемесі Масктың кез келген жобасындағы инвесторларға арналған ескерту сипатындағы белгі. Өйткені Масктың әлемінде, немесе Трамп әкімшілігінің аясында, ештеңе түбегейлі аяқталып кете қоймайды.