Ресей Федерациясы Украинаға майдан шебінде 24 немесе 48 сағатқа созылатын уақытша бітімдер жариялау туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы Ресей делегациясының өкілі Владимир Мединский мәлімдеді. Оның айтуынша, бітімдер жараланғандарды эвакуациялап, қаза тапқандардың денесін жинау мақсатында қажет.
Мединскийдің сөзінше, жақын күндері кем дегенде 1200 әскери тұтқынның алмасуы жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Ресей тарапы Украинамен келіссөз процесін жалғастыру үшін үш онлайн жұмыс тобын құруды ұсынған. Олар:
саяси,
гуманитарлық,
әскери мәселелермен айналысатын топтар.
Ресей мен Украина бірқатар меморандумдарды талқылаған, алайда тараптардың позициялары бір-бірінен айтарлықтай алшақ болып отыр. Мединскийдің айтуынша, екі ел басшыларының кездесуі алдында ең алдымен жанжалды реттеу жөніндегі келісімнің мазмұны келісіліп алынуы тиіс.