Logo
Іздеу
Айдарлар

Таиланд пен Камбоджа шекарасында қақтығыс болды

/
Таиланд пен Камбоджа шекарасында қақтығыс болды

Бүгін таңертең Таиланд пен Камбоджа арасындағы шекарада, Бангкоктан 360 шақырым қашықтықта қақтығыстар басталды. Таиланд Камбоджамен шекарадағы екі әскери нысанға соққы жасады. Бұған дейін екі ел бір-бірін атысты бастады деп айыптаған.

Reuters мәліметінше, Таиланд Камбоджамен арадағы шекара бекеттерін жабу туралы шешім қабылдаған. Камбоджа өз тарапынан Таиландтың әрекетін «еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қарсы жасалған ойланбаған әрі қатыгез әскери агрессия» деп айыптады.

Сонымен қатар, Таиланд Камбоджа әскері ұшқышсыз ұшатын аппараттарды (БПЛА) қолданды деп мәлімдесе, Камбоджа Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Қақтығыстар Таиланд Камбоджадағы елшісін кері шақырып алғаннан кейін басталған. Бұған даулы аумақта тай солдаты минаға түсіп, бір аяқ-қолынан айырылған оқиға себеп болған.