Logo
Іздеу
Айдарлар

Қытайдың арқасында Қапшағай су қоймасы 100% толды

/
Қытайдың арқасында Қапшағай су қоймасы 100% толды
Фото: ашық дереккөзден алынды

2025 жылдың алғашқы алты айында Қытайдан Қазақстанға Ертіс өзені арқылы 4,6 миллиард текше метр, ал Іле өзені арқылы 5,6 миллиард текше метр су жеткізілді. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Іле өзеніндегі су көлемінің жеткіліктілігі қатарынан екінші жыл Қапшағай су қоймасын 100% толтыруға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде 8,52 миллиард текше метр су Балқаш көліне бағытталып, көл деңгейі биыл орта есеппен 32 сантиметрге көтерілді – Балтық жүйесі бойынша 341,55 метрден 341,87 метрге жетті.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы су саласындағы ынтымақтастық тек трансшекаралық өзендермен шектелмейді. 2025 жылғы наурызда екі елдің су шаруашылығы мекемелері алғаш рет өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.

Құжатта су ресурстарын ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін игеру, тәжірибе алмасу және кадр даярлау мәселелері қамтылған. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қытай және Ресеймен су ынтымақтастығы басқармасының басшысы Нәгима Әжіғұлова мәлімдеді.