Жыл өткен сайын елімізде нақты балаларға арнап жасалатын хабарлар реті көбейгені де жағымды көрсеткіш. Мұны сарапшылар дайындаған қорытындыдан байқауға болады, - деп хабарлайды Arasha.kz.
Жас баланың есте сақтау қабілеті күшті. Содан болар Жапондар мен кәрістер баланы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуді бала-бақшадан бастайды. Жаңа технологияны меңгерудегі жетістіктерімен танылған бұл елдер бастауыш білім сатысында бүлдіршіндердің тек ана тілінде білім алып, өзге тілдерді меңгертуді кейінгі сыныптарға қалдырған. Өйткені бала алдымен өз елінің патриоты болып, өз ұлтының тарихы мен танымын меңгеруі тиіс. Соған орай бұл елдерде балаларға арналған бағдарламалар, баланың дамуын жетілдіретін танымдық хабарлар мен мультфильмдер өте көп. Ал біздің еліміздегі жағдай қалай?
Балалар контенті дегенді ең алдымен есімізге түсетіні – «Балапан» телеарнасы. Шынымен де бұл арна қазақша тілі шыққан балалардың баптаушысы, танымдық мектебі болып отырғаны рас. Жыл өткен сайын елімізде нақты балаларға арнап жасалатын хабарлар реті көбейгені де жағымды көрсеткіш. Мұны сарапшылар дайындаған қорытындыдан байқауға болады.
Десек те, бүгінгі балалардың таңдауы – теледидар емес, түрлі гаджеттер. Оларға қандай қызықты бағдарлама, мультфильм болса да оны теледидардан көргенен, қолындағы ыңғайлы гаджет, смартфондардан қараған ыңғайлы. Мұны статистикалық деректер де растайды. Айталық «Касперский зертханасының» сарапшылары жасаған қорытындыға сүйенек, 2025 жылдың алғашқы бес айында Қазақстандағы балалар смартфондардан бейне платформаларды жиі қараған. Соның ішінде балалардың ең жиі қолданатыны – YouTube арнасы. Балалар үшін ең танымал, ең қызықтысы да осы платформа болып тұр. Статистикада дәйектелгендей, балалар уақытының 29 пайызын осы арнадағы түрлі контенттерді көруге жұмсайды. Жас буынның қызығушылығын арттырып келе жатқан екінші алаң – TikTok. Бұл платформаға балалар өз уақытының шамамен 16 пайызын арнайды. Сондай-ақ жасөспрімідер үшін беделі биік алаңдардың үштігін WhatsApp мессенджері түйіндеп отыр. Мұнда балалар өз уақытының 14 пайызын кетіреді. Ұл-қызымыз өздеріне ұнаған контенттерді осы алаңда жиі бөлісетіні, бірігіп талқылайтыны байқалады
Сондықтан, өзінің бағдарламалары балаларға жетіп, сұраныс өсуі үшін шығармашылық топ нарықпен де, балалар талғамымен де санасуы тиіс. Бұрын телеарналарда кішкентай оқырмандардың көңілінен шыққан кейбір бағдарламалардың интернет кеңістікке ауысуы да сондықтан. Әсіресе, «Балапан» арнасы уақыттың тамыршысына айналып, өз тұтынушысына керектігіне дер кезінде тапқан деуге әбден болады. Соның арқасында YouTube-арнасындағы «Балапанның» хабарларына апта сайын орта есеппен 10 мың адам жазылады. Осы жылдың 11 айында ғана 410 мың жаңа интернет қолданушысы Балапанның ресми YouTube арнасындағы парақшасына жазылған. Тек мемлекеттік тілде хабар тарататын арна үшін бұл үлкен нәтиже, жақсы көрсеткіш.