Logo
Іздеу
Айдарлар

Еуропалық делегация Матвиенконың сөзі кезінде залдан шығып кеткен (ВИДЕО)

/
Еуропалық делегация Матвиенконың сөзі кезінде залдан шығып кеткен (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөзден алынды

Швейцарияда өтіп жатқан Парламент спикерлерінің дүниежүзілік конференциясында Германия Бундестагының төрайымы Юлия Клёкнер мен өзге де Еуроодақ елдерінің өкілдері Ресей Федерациясы Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенконың сөзі кезінде залдан демонстративті түрде шығып кетті. Бұл туралы 30 шілдеде Бундестагтың баспасөз хабарламасында айтылды.

Клёкнер мен әріптестері бұл әрекетті наразылық белгісі ретінде жасаған. Матвиенко Батыс елдерінің санкциясына ілінгеніне қарамастан, Женевадағы БҰҰ бөлімшесінде өткен жалпы отырыста сөз сөйлеген болатын.

Бундестаг мәлімдемесінде:

«Біз Ресейдің агрессиялық саясаты мен халықаралық құқықты өрескел бұзуына қарсы екенімізді көрсету үшін залдан шығып кеттік», — делінген.