Бұған дейін Ресей мұнайын сатып алып келген Үндістандағы төрт мемлекеттік мұнай өңдеу зауыты соңғы апта шамасында оны сатып алуға тапсырыс бермеген, деп хабарлайды Arasha.kz.
Олардың мәліметінше, бұл зауыттар мұнайдың басқа түрлерін іздеп, spot-нарыққа жүгінген. Негізінен, Таяу Шығыс елдері мен Батыс Африкадан жеткізілетін мұнайға басымдық берілген.
Ресейлік мұнайдың Үндістандағы негізгі сатып алушылары – жеке меншік компаниялар Reliance Industries пен Nayara Energy болып қала береді. Алайда агенттік атап өткендей, Үндістанның жалпы мұнай өңдеу қуаты тәулігіне 5,2 миллион баррельді құрайды, оның 60%-дан астамы мемлекеттік зауыттарға тиесілі.
2025 жылғы 14 шілдеде АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей Украинамен ауқымды бейбіт келісімге келмесе, ресейлік мұнай сатып алатын елдерге 100 пайыздық кедендік баж салығын енгізетінін ескерткен болатын.