Logo
Іздеу
Айдарлар

Теңіз түбіндегі құпияның жауабы 3 ғасырдан кейін сыртқы шықты

/
Теңіз түбіндегі құпияның жауабы 3 ғасырдан кейін сыртқы шықты
Фото: ашық дереккөзден алынды

Ұлыбритания тарихындағы ең жойқын табиғи апаттардың бірі – 1703 жылғы "Ұлы дауыл" кезінде суға кеткен HMS Northumberland әскери кемесінің қалдықтары үш ғасырдан кейін теңіз түбінен қайта көріне бастады. Кеме 1679 жылы атақты теңіз әкімшісі Сэмюэль Пипс жүргізген флотты жаңғырту бағдарламасының аясында салынған. Ол Ұлыбритания флотын кәсіби, заманауи әскери күшке айналдыруға тырысқан болатын.

Кемені Кент жағалауындағы құм мен лай басып жатқан, бірақ жуырда теңіз ағысы мен құм қозғалысынан кейін оның үлкен бөлігі ашылды. Бұл – теңіз археологтары үшін сирек кездесетін мүмкіндік. Historic England ұйымы жүргізген зерттеулерге сәйкес, кеменің тіреуіштері, арқан-жіптері, тіпті ішіне ешкім тиіспеген бөшкелері өте жақсы сақталған.

Археолог Хефин Мираның айтуынша, "арқан дәл сол күнгі сияқты балғын күйінде, бөшкелер мен темір зеңбіректер де толық күйінде жатыр". Ағаш лафет сияқты сирек кездесетін заттар табылған – бұл органикалық материалдардың айрықша жақсы сақталғанын көрсетеді.

HMS Northumberland – XVII ғасыр соңындағы әскери кеме құрылысы мен флотты жарақтандыру тәжірибесін зерттеуге таптырмас үлгі. Кеме құрылымы мен ішкі элементтері туралы тың мәліметтер алуға болады. Бұл «Мэри Роуз» (XVI ғ.) және XVIII ғасырдың кемелері арасындағы тарихи олқылықты толтырады.

Алайда, кемені судан толық шығару жоспарда жоқ – теңіз түбінің динамикасы мен қаржы тапшылығы бұған кедергі. Жағдай өзгеріп, қалдықтар су биологиясы мен химиялық реакцияларға ұшыраса, олар тез бұзылады. Сондықтан зерттеушілер үшін бұл – уақытпен жарыс: ашылған бөлшектер жойылмай тұрып, барынша көп ақпарат жинау қажет.

Британ флотының тарихи кезеңіндегі осы маңызды кеменің табылуы – теңіз археологиясы үшін үлкен серпіліс. Бұл табыс тек Ұлыбритания үшін ғана емес, жаһандық теңіз тарихын түсіну үшін де зор маңызға ие.