Logo
Іздеу
Айдарлар

Қытай көліктерін сатып алғандарда қандай проблема болып жатыр?

/
Қытай көліктерін сатып алғандарда қандай проблема болып жатыр?
Фото: ашық дереккөзден алынды

Брендтер мен үлгілердің әртүрлілігі бір кездері резеңке тапшылығын болдырмауға көмектескенімен, көлік иелері өнімді ұзақ мерзім пайдаланған сайын жаңа проблемалармен бетпе-бет келуде. «Автовзгляд» порталы Қытай өндірісіндегі шиналардың кемшіліктерін терең зерттеп, жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Атап айтқанда, Қытай шиналарының алғашқы төрт жылында елеусіз болған ақаулары кейіннен анық көріне бастайды. Сарапшылардың айтуынша, кейбір модельдер Қазақстан мен Ресейдің қатал ауа райына төтеп бере алмайды. Жол жабыны, ауа температурасының күрт өзгерістері мен сақтау жағдайлары – бұның бәрі қытайлық өнімнің сапасына тікелей әсер етеді.

СТО мамандары жиі кездесетін мәселені атап отыр: бір қыс маусымынан кейін қоймада немесе гаражда сақталған шиналар жарамсыз болып қалуы мүмкін. Келесі маусымда олар деформацияланып, тіпті баланстау мүмкін болмайтын жағдайға жетеді. Мұндайда көлік жылдамдығы 40-50 км/сағ деңгейінен аспауы керек. Бұл өз кезегінде жүргізуші үшін де, жолаушылар үшін де қауіп төндіреді.

Сонымен қатар, Қытай шиналары жапон, корей және отандық өнімдермен салыстырғанда, ауа қысымы төмен күйде ұзақ сақтау кезінде пішінін тез жоғалтады. Бұл шиналардың қызмет мерзімін қысқартып қана қоймай, апатқа ұшырау тәуекелін де арттырады.

Сарапшылар көлік иелеріне жаңа шина сатып алмас бұрын, міндетті түрде интернеттегі пікірлерді оқып, кәсіби мамандардың кеңесіне жүгініп, арнайы зертханалардың сынақ нәтижелерін қарауға кеңес береді. Бұл амалдар отбасылық бюджетті де үнемдеуге, ең бастысы, көліктің қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі.