Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

“ҚТЖ – Жүк тасымалы” компаниясының бұрынғы үш басшысы қамауға алынды

“ҚТЖ – Жүк тасымалы” компаниясының бұрынғы үш басшысы қамауға алынды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті “ҚТЖ – Жүк тасымалы” серіктестігінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады,  деп хабарлайды Arasha.kz.

9-10 қараша күндері компанияның бұрынғы бас директоры Владимир Петров, оның орынбасары Қайрат Қабылов және сатып алуды қамтамасыз ету департаментінің директоры Азамат Сембай ұсталған.

Үш азамат сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. 11 және 12 қарашада сот шешімімен оларға қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктілерге нақты қандай айып тағылғаны және келтірілген залалдың көлемі әзірге белгісіз.

Іске қатысты өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.