Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Сот шешіміне сәйкес, Санжар Боқаев жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару мекемесінде өтейді. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы белсендіге бұдан да қатаң жаза тағайындауды сұраған болатын.
26 қарашада өткен сот жарыссөзінде прокурор Санжар Боқаевты 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы ұсыныс білдірген.
Сонымен қатар осы іс бойынша сотқа тартылған Мадияр Қалменовке жеті жыл бас бостандығынан айыру, ал Ұлан Нүсіпқожаға екі жыл алты ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұраған.