Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстан шекарасында 200 мың доллар алып өтпек болған шетелдік ұсталды

Қазақстан шекарасында 200 мың доллар алып өтпек болған шетелдік ұсталды
Фото: t.me/knbgov_kz

Қазақстан шекарасында ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны жасырын алып өтпек болған шетел азаматы анықталды. Ол 200 мың АҚШ долларын декларацияламай шекарадан өткізбек болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, оқиға 23 қарашада Жамбыл облысындағы «Қордай» өткізу пунктінде болған.

Шекарашылар тексеру барысында шетел азаматының 200 мың АҚШ долларын жасырын алып өтпек болғанын анықтаған. Ұлттық банк бағамы бойынша бұл шамамен 91 миллион теңгеге тең.

ҰҚК мәліметінше, 16-25 қараша аралығында еліміздің шекаралық өткізу пункттерінде декларацияланбаған валютаны алып өтудің 59 әрекетіне тосқауыл қойылған. Анықталған қаражаттың жалпы сомасы 508 миллион теңгеден асады. Мәселен, 18 қарашада Ақтөбе облысындағы шекаралық өткізу пункттерінің бірінде Қазақстан азаматының жүгінен 4 441 500 Ресей рублі табылған. Бұл шамамен 23 миллион теңге болады.

Ал 23 қарашада «Қордай» өткізу пунктінде шетел азаматының 200 мың долларды жасырын алып өтпек болғаны белгілі болды.

"Аталған фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдауы үшін тергеулігі бойынша құзыретті органға берілді", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Бөлісу