Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қарағандыда төрт жарым сағат ішінде 37 жол апаты болды

Қарағандыда төрт жарым сағат ішінде 37 жол апаты болды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қарағандыда ауа райының күрт өзгеруінен қала көшелерінде көктайғақ болып, жаппай жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Arasha.kz.

27 қарашаға қараған түні қалада жаңбыр қарға ұласып, жолдарды мұз басты. Салдарынан таңертең көлік қозғалысы қиындаған.

Полицияның мәліметінше, таңғы сағат 07:00 мен 11:30 аралығында 37 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Абырой болғанда, жол апаттарынан ешкім зардап шекпеген. Тек көліктерге материалдық залал келген.

Көктайғақ кезінде жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау ұсынылады.