Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алтын кенішін су басып, 13 адам көз жұмды

Алтын кенішін су басып, 13 адам көз жұмды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Индонезияның Батыс Ява провинциясында алтын кенішін су басып, 13 адам қаза тапты. Тағы 13 жұмысшы жер астында қалып қойған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға 23 қарашада Богор ауданында болған. Толассыз жауған жаңбырдан жақын маңдағы өзен арнасынан асып, заңсыз жұмыс істеп тұрған алтын кенішін су басқан. Сол сәтте жер астында 26 жұмысшы болған.

26 қарашадағы мәлімет бойынша, құтқарушылар 13 адамның денесін тапқан. Қаза тапқандардың алтауының жеке басы анықталды.

Қалған жұмысшыларды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Алайда кеніштің шамамен 100 метр тереңдікте орналасуы, өткелдердің тарлығы мен су деңгейінің жоғары болуы құтқарушылардың жұмысын қиындатқан.

Айта кетейік, Индонезияда рұқсатсыз жұмыс істейтін кен орындарында қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан мұндай қайғылы оқиғалар жиі тіркеледі.