Бүгін, 27 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ қаупі туындайды. Ал кей қалаларда желдің екпіні секундына 30 метрден асады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстік, орталық және батыс өңірлерінде ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын күшейеді. Ал оңтүстікте салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады.
Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады?
Астанада қар аралас жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Түнде де, күндіз де ауа температурасы 0...-2 градус шамасында болады.
Алматыда жаңбыр жауады. Жел секундына 15–20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде ауа температурасы +3...+5, күндіз +5...+7 градус болады.
Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 2–7 метр. Түнде +4...+6, күндіз +8...+10 градус жылы болады.
Солтүстік өңірлерде дауылды жел соғады
Көкшетауда қар аралас жаңбыр жауып, желдің екпіні кей уақытта секундына 30 метрден асады. Түнде -2...-4, күндіз 0...-2 градус болады.
Петропавлда да қар аралас жаңбыр болжанып отыр. Желдің екпіні секундына 30 метрден асуы мүмкін. Ауа температурасы түнде -2...-4, күндіз 0...-2 градусқа дейін төмендейді.
Қостанайда қар аралас жаңбыр жауады. Жел секундына 15–20 метр жылдамдықпен соғады. Түнде -2...-4, күндіз 0...-2 градус болады.
Павлодарда қар аралас жаңбыр күтіледі. Желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетеді. Түнде 0...-2, күндіз +1...+3 градус болады.
Орталық Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауады
Қарағандыда қар аралас жаңбыр жауып, жел секундына 23–28 метрге дейін күшейеді. Түнде -2...-4, күндіз 0...+2 градус болады.
Жезқазғанда да қар аралас жаңбыр болжанады. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Түнде және күндіз -1...+1 градус болады.
Батыста қар жауып, күн суытады
Ақтөбеде қар жауады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы тәулік бойы -3...-5 градус шамасында болады.
Оралда қар аралас жаңбыр күтіледі. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде және күндіз -1...-3 градус болады.
Атырауда жауын-шашын болмайды. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Түнде 0...-2, күндіз 0...+2 градус болады.
Ақтауда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде +5...+7, күндіз +10...+12 градус болады.
Оңтүстік өңірлерде күн жылы болады
Түркістанда жауын-шашын күтілмейді. Түнде 0...+2, күндіз +6...+8 градус болады.
Таразда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде +3...+5, күндіз +8...+10 градус болады.
Қызылордада жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метр. Түнде 0...+2, күндіз +6...+8 градус жылы болады.
Шығыс және оңтүстік-шығыста ауа райы құбылады
Өскеменде қар аралас жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Түнде +2...+4, күндіз +5...+7 градус болады.
Семейде жауын-шашын күтілмейді. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде +1...+3, күндіз +5...+7 градус болады.
Талдықорғанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +3...+5, күндіз +5...+7 градус болады.
Қонаевта жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де +5...+7 градус шамасында болады.