Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Атыраулық хакерге қатысты сот үкімі шықты

Атыраулық хакерге қатысты сот үкімі шықты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Атырауда бірнеше рет алаяқтық жасаған 32 жастағы Нұрлан Жанбырбаев 3 жыл 6 айға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеу мәліметінше, ер адам азаматтарға инвестициялық жобаларға қаржы салуды, IT курстарында білім алуды ұсынған. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі бұғатталған парақшаларды қалпына келтіруге көмектесетінін айтып, түрлі техника сатумен айналысқан.

Алайда оған ақша аударған азаматтар уәде етілген тауарлар мен қызметтерді ала алмаған.

Жанбырбаевтың әрекетінен 12 адам зардап шеккен. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын шамамен 13 миллион теңгені құрады.

Сотта соңғы сөзін айтқан айыпталушы өзін түрмеге жібермеуді сұрап, жәбірленушілерге қалған қарызын өтеуге уәде берді.

Сот оны алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде тағайындады.