Алматыда кәмелетке толмаған қызға жыныстық сипаттағы әрекет жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Полицияға жасөспірімнің анасы арызданған. 15 жастағы жәбірленушінің айтуынша, такси жүргізушісі жол бойы оған орынсыз қол тигізген. Межелі жерге жеткен соң қызды көлік салонынан шығармай, сүймек болған.
Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, оны уақытша ұстау изоляторына қамады.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.