Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Жезқазғандағы қылмыскерді өлтірген адам 20 жылдан кейін ұсталды

Жезқазғандағы қылмыскерді өлтірген адам 20 жылдан кейін ұсталды
Фото: видеодан кадр

Түркияның Ыстанбұл қаласында Жезқазғанда 20 жыл бұрын болған кісі өлтіру ісіне қатысы бар деген күдікпен 50 жастағы Витта Махмаханов ұсталды. Ресейдің құқық қорғау органдары оған халықаралық іздеу жариялаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Махмахановтың есімі 2006 жылғы қарашада Жезқазғанда қылмыстық ортада беделді болған Сағит Шақпұтовтың өлтірілуіне қатысты істе аталады.

Түркия полициясы халықаралық іздеуде жүрген ер адамды Ыстанбұлдың Бакыркөй ауданындағы үйлердің бірінен анықтаған. Қазір оған қатысты процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр.