Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Павлодардың бас санитар дәрігері пара алды деген күдікке ілінді

Павлодардың бас санитар дәрігері пара алды деген күдікке ілінді
Фото: freepik

Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Александр Сафьяниковке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, шенеунік кәсіпкерден 400 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген. Аталған іс бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу жүргізіп жатыр.

Алайда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының ұсталғаны туралы ақпаратты растамады. Мекеме өкілдері оның еңбек демалысында жүргенін айтқан.

Сондай-ақ Сафьяниковтің тергеу органдарымен процестік келісімге келгені туралы мәлімет тарады. Дегенмен бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Александр Сафьяников Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасын 15 жылдан астам уақыт басқарып келеді. Мекеме қоғамдық тамақтану орындарының, сауда нысандарының, мектептер мен балабақшалардың санитариялық талаптарды сақтауын қадағалайды.