Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Автобус үш жүк көлігімен соқтығысып, бес адам қаза тапты

Автобус үш жүк көлігімен соқтығысып, бес адам қаза тапты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Ресейдің Краснояр өлкесінде автобус пен жүк көліктерінің қатысуымен болған жол апатынан бес адам, оның ішінде үш бала көз жұмды. Тағы 13 адам жарақат алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға Иланск-Нижнеингаш округіндегі Р-255 “Сібір” тасжолының 1080-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Канск қаласынан Иланский қаласына бағыт алған автобус қарсы жолаққа шығып кетіп, үш жүк көлігімен соқтығысқан.

Артта келе жатқан тағы бір жүк көлігінің жүргізушісі тежегішті басып үлгергенімен, көлік жол жиегіндегі орға түсіп кеткен. Құтқарушылар автобус жүргізушісін көлік құрсауынан шығарған.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, жедел жәрдем бригадалары мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілуде.