Logo
Іздеу
Айдарлар

«Қоңыраттарды ренжітпеңдер» деп әнші Балжан Бидаш не айтқысы келді?

/
«Қоңыраттарды ренжітпеңдер» деп әнші Балжан Бидаш не айтқысы келді?
Фото: ашық дереккөзден алынды

Белгілі әнші Балжан Бидаш Моңғолияға жасаған сапары барысында алған әсерімен әлеуметтік желіде бөлісті. Өнер иесі тарихи орындардан ерекше сезім алғанын жеткізіп, Шыңғыс ханның тегімен өз руын байланыстырып, қоңырат руына қатысты пікір айтты.

«Шыңғыс ханның анасы – қоңырат руының қызы. Мен де сол ұрпақтанмын. Сол себепті қоңыраттарды ренжітпеңдер», – деп жазды әнші.

Бидаш өзінің Instagram-парақшасында Шыңғыс ханның ескерткішіне сапары кезінде ерекше әсер алғанын айтып, тарихпен байланысты эмоциялық жазбасын бөлісті.

«Шыңғыс ханның ескерткішіне бара жатқан жолда бір топ әскерилерді көріп, ерекше әсерде қалдым. Құдды бір баяғы заманға түсіп кеткендей сезімде болдым. Ертеде шынымен осылай жүрді ғой», – дейді ол.

Сондай-ақ, ол ескерткіш жанындағы дәстүрлер туралы да тоқталды:

«Шыңғыс ханның алтын жалатылған хан мүсініне құрмет ретінде алдымен кіріп, алдымен шығасың. Бұл мүсінде бір мыс бар, көз алмай қарап, оның тарихтағы күшін ескеріп отыра бересің», – деп жазды Бидаш.

Оның бұл жазбасы әлеуметтік желіде түрлі пікір тудырып, қоғамдық талқылауға себеп болды. Көпшілік тарихи сана мен ру туралы пікірлерге байланысты көзқарастарын білдіріп жатыр.