Logo
Іздеу
Айдарлар

Депутат та, блогерлер де жарнамалаған: тағы бір дау шықты

/
Депутат та, блогерлер де жарнамалаған: тағы бір дау шықты
Фото: коллаж arasha.kz

Қазақстандық әлеуметтік желіде магистратураға дайындық курсына қатысты үлкен шу шықты. Талапкерлердің айтуынша, @grant.masterkz платформасы "тест сұрақтары 100 пайыз келеді" деп уәде етіп, жүздеген мың теңге алғанымен, ешбір сұрақ тестте кездеспеген. Бұл курс мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевтың жарнамалауымен танымал болған. Бір қызығы бұл платформаны тек депутат емес елге танылып үлгерген блогер әрі жақында ғана Абайға қатысты мәселеде даулы жағдайда қалған Әлия Әшім де жарнамалаған. Ал біз сіздерге дәл қазір жазылып жатқан инстаграм әлеуметтік желісіндегі пікірлерді ұсынып отырмыз.

«Даулетке сеніп, сатып алған едім. Бір сұрақ келмеді, ұқсасы да жоқ. Ақшамызды қайтармақ түгілі, кураторлар жауап бермеді. Алаяқтар!» – дейді қолданушылардың бірі.

«Қысқы магистратура тестінде осы курсты алдым. Ешбір сұрақ келген жоқ. Ақшаны қайтаруды сұрап едім, мені блоктап тастады. Тапқан ақшасымен шетелде қыдырып жүр», – деп ашынады тағы бірі.

«Құмырсқа немен қоректенеді?» деген сұрақтың дұрыс жауабына «балықпен» деп белгіленген. Осыдан-ақ платформаның сапасын түсінуге болады», – дейді басқа қолданушы.

Депутатқа сенім азайып барады:

Желіде Дәулет Мұқаевтың сенімді ақтамағаны, жарнамалаған әрбір өнімін алдын ала тексермейтіні сынға алынды. «Халықтың алдында жүрген адам деп сеніп едік, алдадық. Енді сенім қалмады» деген пікірлер көптеп жазылды.

Білім беру саласы мамандары мен қолданушылар осындай платформаларды мемлекеттік деңгейде тексеру қажет екенін алға тартуда. «SAT, IELTS секілді халықаралық тесттердің ресми сайттары ашық, ал бізде жеке платформа білімді бизнеске айналдырған», – дейді олар.

Қолданушылар ақшасын қайтаруды талап етіп отыр. Кейбіреулері сотқа жүгінуге дайын екендерін жазса, енді біреулері бұл жағдайдан кейін Дәулет Мұқаев депутат ретінде мұндай жарнамаға жол бермеуі керек деген пікірде.

Қазақстандық әлеуметтік желілерде магистратураға дайындық платформасына қатысты тағы бір даулы жағдай туындады. Threads желісінде жүзден астам талапкер grant.masterkz платформасы ұсынған тест сұрақтарының нақты емтиханмен ешқандай байланысы болмағанын мәлімдеді.

3 маусым күні Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев, сондай-ақ блогерлер Азамат Скаков пен Әлия Әшім өз парақшаларында grant.masterkz платформасын жарнамалаған. Жарнамада магистратура емтиханына толық дайындық пен 90% сұрақтардың сәйкес келетіні уәде етілген. Бағасы — 100 000 теңге.

21 шілде күні өткен магистратура тесті кезінде бірде-бір сәйкес сұрақ кездеспеген. Талапкерлердің айтуынша, платформада ұсынылған сұрақтар:

грамматикалық қателерге толы;

кейбірі тіпті ChatGPT көмегімен генерацияланғандай көрінген;

негізгі пәндерге қатысы шамалы болған.