Logo
Іздеу
Айдарлар

"Елден қаралы хабар жетті": "Дикий Арманның" анасы қайтыс болды (ФОТО)

/
"Елден қаралы хабар жетті": "Дикий Арманның" анасы қайтыс болды (ФОТО)
ашық дереккөзден. Суретте: Арман Жұмагелдиев пен анасы

"Дикий Арман" лақапатымен танылған Арман Жұмагелдиевтің анасы қайтыс болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы хабарды айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Иманалиев Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

"Бүгін жүрегімізді ауыртқан қаралы хабар жетті… Ардақты досымыз Арманның асыл анасы, қадірлі Роза апай өмірден озды. Жаратқан иеміз оның жанын жәннаттың ең жоғары дәрежесі – Фирдаус жәннатына орналастырғай.

Роза апайымыз – иманды, парасатты, сабырлы, текті, ақылгөй жан еді. Тағдырдың ауыр сынақтарын бастан өткерді… Жалғыз ұлына ұзақ жыл жаза беріліп, баласының басына бұлт үйірілген қиын кезеңдер болды. Бірақ ана жүрегі соның бәріне төзіп, баласынан ешқашан теріс айналған жоқ. Ақырғы демі алдында да Қостанайға барып, ұлын көріп қайтты… Сол сәттен кейін жүрек ауыртпалығына шыдай алмай, ауруханаға түсіп, сол жерде Жаратушысына қайтты.

Қандай ауыр сынақ… Ана жүрегі, ана мейірімі баласының қасында, баласы үшін тулаған күйде соңғы сапарға аттанды. Бауырлар, жамағат, достар – Арманды таныған, білетіндер, бір мезет қол жайып Роза апайымызға дұға арнайық. Алла Тағала Роза ананың жанын рақымына алып, күнәларын кешіріп, қабірін нұрға бөлесін. Арман бауырыма сабыр мен күш-қуат, төзім мен шын иман берсін.

Жұма күні дүние салған адамның дәрежесі биік делінеді. Бұл да Алланың ерекше таңдауы болар… Иә Алла, бұл анамызды рахметіңе бөлеп, артында қалған ұрпағына, баласына сабыр мен бекемдік бере гөр!" – деп жазды Нұржан Иманалиев.

Айта кетейік, қылмыс әлемінің серкесі деп танылған Арман Жұмагелдиев 20 жылға түрмеге қамалды. Ол 2022 жылы Алматыда болған "Қаңтар оқиғасы" кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырғаны үшін сотталды.