Logo
Іздеу
Айдарлар

"Биліктен кетемін": Лукашенко ел естімеген жаңалығын айтып, тың мәлімдеме жасады

/
"Биліктен кетемін": Лукашенко ел естімеген жаңалығын айтып, тың мәлімдеме жасады
Вячеслав Прокофьев / Sputnik / Reuters. Суретте: Александр Лукашенко

Беларусь президенті Александр Лукашенко алдағы сайлауда өз кандидатурасын ұсынбайтынын және биліктен кетуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін ел тізгінін ұстауға мәжбүр болған, себебі "елден қашып кеткен сатқын" кейпінде көрінгісі келмеген.

Мемлекет басшысы сонымен қатар өз ұлы Николайдың саясаттан тыс жүргенін қалайтынын айтты. Ол халықтан ұлын өз орнына мұрагер ретінде қарастырмауды өтінді.

"Менің орнымда парасатты, сабырлы адам болғанын қалар едім. Ол басқа саяси бағыт ұстанса да, оған қарсылығым жоқ. Тек бәрін күйретіп жібермесе болғаны", – деп түйіндеді Лукашенко.