Соңғы күндері әлеуметтік желілерде танымал әзілкеш, шоу-мен Тұрсынбек Қабатовтың бір тойда түскен суреті қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Суретті TikTok желісіндегі парақшасында Жадыра есімді әйел жариялаған. Көп ұзамай бұл фото қолданушылар арасында таралып, өнер иесінің қазіргі жағдайына қатысты түрлі болжамдар айтылды.
Суретте әзілкештің бас пішіні бұрынғыдан өзгеше көрінген. Кейбір қолданушылар оның бас сүйегінің бір бөлігі жоқ сияқты екенін байқағанын жазса, енді біреулер денсаулық жағдайына байланысты ауыр операция жасалғанын алға тартты.
"Басының жартысы жоқ, бірақ күлуге болмайды. Операция жасалды, концертінде өзі айтты", – деп жазды бір көрермен.
Тағы бір желі қолданушысы: "Басына операция жасап, бас сүйегінің жартысын алып тастаған. Қыстама концертіне барғанымда өзі айтып еді", – деп бөлісті.