Өнерлі жұп Мирас пен Құралай Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушанға жүрекжарды сыйлық ұсынды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Олардың айтуынша, жуырда ұлдары Ермахан мен кіндік қыздары Раушанның үлкен тойы өткен. Сол қуанышты сәтте Құралай Раушанға арнайы әшекей бұйым тарту етті.
"Раушантай, бұл сыйлығымыз – саған деген шынайы ықыласымыздың белгісі. Әр күнің осы әшекейдей жарқырап, сұлулығың еселене берсін деп тілейміз", – деді олар.
Жұп жуырда таза күмістен жасалатын қолөнер бұйымдарына арналған Quralay Brand зергерлік брендині ашқанын айтып өтті. Раушанға берілген бұл сый – алғашқы топтаманың арнайы дизайнмен жасалған ерекше жиынтығы екен.
"Күміс – ертеден қазақ апалары мен әжелерінің жамандықтан, көз тиюден қорғайтын, тазалық пен шынайылықтың нышаны ретінде тағатын әшекейі. Сол қасиет әрдайым сенің жолдасың болсын", – деп түйіндеді Мирас пен Құралай.