Logo
Іздеу
Айдарлар

Израиль жасаған соққыдан Al Jazeera тілшілері қаза тапқан

/
Израиль жасаған соққыдан Al Jazeera тілшілері қаза тапқан
Фото: коллаж arasha.kz

Жексенбі кешінде Израиль әскері жасаған соққыдан Газа қаласында Al Jazeera редакциясының екі танымал журналисі және олардың бүкіл түсірілім тобын қаза болған. Бұл оқиға қалаға ірі шабуылдың басталғанын көрсетуі мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Газа қаласындағы Al Shifa медициналық кешенінің директоры Al Jazeera тілшілері Анас әл-Шариф пен Мохаммед Крейкеаның қаза тапқанын растады. Оның айтуынша, Израиль әскері олардың тұрған шатырын әдейі нысанаға алған.

Сондай-ақ операторлар мен фотожурналистер Ибрагим Захер, Мохаммед Нуфал және Мосааб әл-Шариф те мерт болды.

28 жастағы Анас әл-Шариф аурухананың бас қақпасы маңында болып, Газаның солтүстік бөлігінен белсенді репортаждар жүргізіп келген.

Өлерінің алдында ол X әлеуметтік желісінде Израильдің Газа қаласының шығыс және оңтүстік бөліктеріне жасаған жойқын зымыран соққылары туралы хабарлама жариялаған. Оның соңғы бейнежазбасында өз тұрған жерінің маңындағы қатты жарылыстар түсірілген.