Белгілі заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желіде көпшілікті қуантқан хабар жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ол Instagram парақшасында журналист Руслан Өтепбайдың телевизияға қайта оралатынын мәлімдеді.
"Сүйінші ағайын, Руслан Өтепбай батырларыңыз қайта оралды! Руслан бауырымыз телевиденияға өзі үшін емес, елдің мұңын, жоғын жоқтау үшін оралды. Қолдап кетіңіздер", – деп жазды Мейірман Шекеев.
Бұл жаңалықты желі қолданушылары жылы қабылдап, екі азаматқа сәттілік тіледі. Көптеген пікірлерде "Руслан, оралуың құтты болсын!", "Әділ азаматтар көбейе берсін" деген тілектер жазылды.