NBC Montana хабарлауынша, Калиспелл қаласының әуежайында қонуға ұмтылған ұшақ ұшу-қону жолағында тұрған екінші әуе кемесімен қақтығысқан, деп хабарлайды Arasha.kz.
Соның салдарынан екі ұшақ та өртеніп кеткен. Борттағы адамдар жеңіл жарақат алған.
АҚШ Конгресінің өкілі Райан Зинке әлеуметтік желідегі парақшасында оқиға орнына өзінің қызметкерлері жіберілгенін мәлімдеп, қазіргі дерек бойынша ауыр жараланғандар жоқ екенін айтты. Сондай-ақ ол жергілікті билік пен әуежай әкімшілігіне апаттың салдарын жоюда қолдау көрсетіп жатқанын жеткізді.