Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ басшысы Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға қатысты ешқандай шешімді оның қатысуынсыз қабылдай алмайтынын қадап айтты, деп Arasha.kz тілшісі "Мы Украина" медиа ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.
"Келіссөздер көшбасшылар деңгейінде маңызды. Бірақ Украина жайлы Украинанысыз айту мүмкін емес, мұны ешкім қабылдамайды. Сондықтан біз АҚШ президентін және Құрама Штаттарды қолдаймыз. Ал Путиннің сөзі олардың екіжақты қарым-қатынасына қатысты болуы мүмкін. Бірақ Украинасыз олар ештеңе шеше алмайды. АҚШ президенті мұны түсінеді деп сенемін", – деді Зеленский "Украин жастары форумы – 2025" іс-шарасында.
Мемлекет басшысы Трамп және Путинмен міндетті түрде үшжақты кездесу өткізетінін де айтты, алайда нақты күн әлі бекітілмеген.
"Егер біз соғысты тоқтатқымыз келсе, кездесуіміз керек. Онда түрлі мәселелер көтеріледі. Шындық жағында тұрып, өз ұстанымыңды қорғау және бұл соғысты аяқтау үшін барын салу қажет", – деді ол.