Logo
Іздеу
Айдарлар

Есімі елге танымал спортшы жарыс кезінде есінен танып, қайтыс болды

/
Есімі елге танымал спортшы жарыс кезінде есінен танып, қайтыс болды
pixabay.com

Қытайда ұйымдастырылған Дүниежүзілік ойындарда спорттық бағдарлау бойынша жарысқа қатысқан италиялық атлет Маттиа Дебертолис көз жұмды, деп Arasha.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

29 жастағы спортшы төрт күн бұрын ерлер финалының орта қашықтық кезеңінде есінен танып қалған болатын. GPS-трекер оның ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз жатқанын анықтағаннан кейін, ұйымдастырушылар дереу құтқару қызметін шақырған. Спортшыны тауып, ес-түссіз күйде Чэнду қаласындағы ауруханаға жеткізген.

Дәрігерлер оның өмірі үшін төрт тәулік бойы күресті. Осы аралықта Қытайға Дебертолистің әйелі, анасы және ағасы да келді. Алайда елдің жетекші медициналық мекемесінде көрсетілген жедел және кәсіби көмекке қарамастан, спортшы қайтыс болды.

Өлімнің нақты себебі әзірге анықталған жоқ. Итальяндық басылымдар жарыстың Чэндуда өте ыстық әрі ылғалды ауа райында өткенін атап өтті.