Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Дастан Сәтпаевқа қатысты жағымсыз жаңалық шықты

Дастан Сәтпаевқа қатысты жағымсыз жаңалық шықты
Дастан Сәтпаев. Фото: Robbie Jay Barratt - AMA/Getty Images

Қазақстан ұлттық құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев Англияның "Бернли" клубының кезекті ойынына қатысқан жоқ. Бұған футболшының қайта жарақат алуы себеп болуы мүмкін. Алдын ала ақпарат бойынша, оның толық қалпына келуіне кемінде алты апта қажет, деп хабарлайды Arasha.kz.

31 қазанда "Бернли" Англия Чемпионшипінің 13-туры аясында өз алаңында "Портсмут" командасын қабылдады.

"Терф Мур" стадионында өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Бұл ойын швейцариялық маман Фабио Челестинидің "Бернлидің" бас бапкері ретіндегі алғашқы кездесуі болды. Алайда қазақстандық жанкүйерлер күткен Дастан Сәтпаев матчқа қатысқан жоқ. Оның есімі тіпті ойынға тіркелген футболшылар тізіміне енгізілмеді.

Қазақстан құрамасының қарашадағы ойындарына қатыспайды

Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты Қазақстан ұлттық құрамасының қараша айындағы Ұлттар лигасы матчтарына арналған түпкілікті тізімге енбеді.

Бастапқыда жас шабуылшы кеңейтілген құрамға шақырылған болатын. Алайда медициналық жағдайына байланысты бапкерлер штабы оны соңғы тізімге қоспаған.

Егер футболшының алты аптаға қатардан шығатыны расталса, ол "Бернлидің" алдағы бірнеше кездесуін өткізіп алуы мүмкін.