24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 30 салмақ дәрежесінің барлығында ел намысын қорғайды.
Байрақты бәсеке «Барыс Арена» кешенінде өтеді. Астана мұндай деңгейдегі әлем чемпионатын екінші рет қабылдайды. Бұған дейін елордада күрестен әлем біріншілігі 2019 жылы ұйымдастырылған.
Грек-рим күресі
Қазақстан атынан грек-рим күресінен мына балуандар бақ сынайды:
55 келі – Исхар Курбаев
60 келі – Айдос Сұлтанғали
63 келі – Мейрамбек Айнағұлов
67 келі – Бағдат Сабаз
72 келі – Алматбек Аманбек
77 келі – Мерей Мәулитқанов
82 келі – Ибрагим Магомадов
87 келі – Нұрсұлтан Тұрсынов
97 келі – Ислам Евлоев
130 келі – Олжас Сырлыбай
Еркін күрес
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының қорытынды тізімі:
57 келі – Мейрамбек Қартбай
61 келі – Асыл Айтақын
65 келі – Дастанбек Өсімжан
70 келі – Санжар Досжанов
74 келі – Нұрқожа Қайпанов
79 келі – Шамсат Таир
86 келі – Болат Сақаев
92 келі – Азамат Дәулетбеков
97 келі – Ризабек Айтмұхан
125 келі – Едіге Қасымбек
Әйелдер күресі
Әйелдер күресінен ел намысын қорғайтын спортшылар:
50 келі – Зейнеп Баянова
53 келі – Айнұр Әшімова
55 келі – Лаура Алмағанбетова
57 келі – Алтын Шагаева
59 келі – Нилуфар Раимова
62 келі – Ирина Кузнецова
65 келі – Бейбіт Сейдуәлі
68 келі – Ирина Казюлина
72 келі – Жәмила Бақбергенова
76 келі – Гүлмарал Еркебаева
Турнир 24 қазанда басталады. Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері шығады. Әлем чемпионаты 1 қарашаға дейін жалғасады.