Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Қазақстандық Сұңқар Қаныбек каратэден әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Сұңқар Қаныбек каратэден әлем чемпионы атанды
Сұңқар Қаныбек. Фото: Қазақстан каратэ федерациясы

Польшада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы каратэден әлем чемпионатында қазақстандық Сұңқар Қаныбек алтын медаль жеңіп алды. Ол финалда шотландиялық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазақстан каратэ федерациясының мәліметінше, әлем біріншілігі Польшаның Бельско-Бяла қаласында өтіп жатыр.

Сұңқар Қаныбек жасөспірімдер арасындағы кумитэ сайысында 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Финалдық белдесуде қазақстандық спортшы Шотландия өкілі Каллен Бродимен кездесіп, қарсыласын 4:0 есебімен жеңді. Осылайша, ол әлем чемпионы атағын иеленді.

Бұл жеңісімен Сұңқар Қаныбек 2024 жылы дәл осы салмақта әлем біріншілігінің алтынын жеңіп алған отандасы Әлихан Қадырғалидың жетістігін қайталады.

Айта кетейік, Сұңқар Қаныбек – Қызылорда каратэ мектебінің түлегі. Ол бұған дейін де халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсеткен.

Атап айтқанда, Фуджейра мен Гвадалахарада ұйымдастырылған Karate 1 – Youth League жастар лигасының турнирлерінде бірнеше рет жеңімпаз атанған.