Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың бапкері ел күтпеген тосын жайтты мәлімдеді

UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың бапкері ел күтпеген тосын жайтты мәлімдеді
әлеуметтік желіден. Суретте: Эдуард Базров пен Шавкат Рахмонов

DAR Team командасының бас бапкері, Шавкат Рахмоновпен бірге жұмыс істейтін Эдуард Базров қазіргі таңда UFC-дегі ең жарқын жекпе-жекшіні атап өтті, деп Arasha.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Базровтың айтуынша, бүгінгі күннің сөзсіз басты жұлдызы – Илия Топурия.

"Қазіргі таңда UFC-дің сөзсіз басты жұлдызы – Илия Топурия. Ол жекпе-жектерін өте әсерлі өткізеді, кездесулерді жарқын аяқтайды. Өзінің стилі, өзіне тән аурасы, есте қаларлық бейнесі бар. Ол бәрін жасай алады: күресе де алады, соққы да жасайды, нокаутқа жібереді, сабмишнмен де жеңеді. Сондықтан, менің ойымша, дәл қазір ол – UFC-дің басты жұлдызы. Барлығы Топурия жайлы айтып жүр, әлеуметтік желілерде ол туралы жаңалықтар көп. Оның жекпе-жек сәттері, оқиғалары барлық жерде жарияланып жатыр, – деді Эдуард Базров.

Айта кетсек, Илия Топурия бүгінде салмақ дәрежесіне қарамастан, әлемнің үздік жекпе-жекшілері рейтингінде бірінші орында тұр. Соңғы айқасында ол екінші дивизионда чемпиондық белбеуді иеленіп, Чарльз Оливейраны алғашқы раундта нокаутқа жіберген еді.