Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Аляскаға шамамен бір уақытта келіп, Анкоридж әуежайында қысқаша кездесу өткізді. Кездесу барысында олар қол алысты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ресми фотосессия алдында әуежайда екі елдің көшбасшылары қысқаша әңгімелесіп, содан кейін Трамптың Cadillac маркалы лимузиніне бет алды.
Келіссөздердің алғашқы бөлігі "үшке үш" форматында өтеді: Ресей жағынан Владимир Путинге сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен президенттің көмекшісі Юрий Ушаков қосылады. АҚШ жағынан Дональд Трампқа мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен арнайы өкіл Стив Уиткофф ілеседі. Бұдан кейін екі делегацияның қалған мүшелері де талқылауға қосылып, қаралатын мәселелер ауқымы кеңейеді.